Әлеуметтік-әдістемелік орталық

SDU University-дегі Әлеуметтік-әдістемелік орталық (ӘӘО) – студенттердің тұлғалық дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және құндылықтарға негізделген білім алуын қолдауға арналған құрылым.

Орталықтың негізгі мақсаты – университет миссиясы мен елдің құндылықтары аясында студенттердің саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау, студенттермен тығыз қарым-қатынаста болатын әріптестерімізге әдістемелік қолдау көрсету.

Біздің қызмет бағыттарымыз:

Неге маңызды?

Әлеуметтік-әдістемелік орталық студенттердің тек академиялық жетістіктеріне ғана емес, олардың тұлға ретінде өсуіне, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл – SDU University-дің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеудегі басты бағыттарының бірі.